RU
Өзбектің әйгілі боксшысы Астанада белгісіз спортшыдан ұтылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Өзбектің әйгілі боксшысы Астанада белгісіз спортшыдан ұтылып қалды

Рассказать Вконтакте

Бокстан Қазақстан президентінің кубогы додасында ел күтпеген жағдай орын алды. Турнирдің басты фавориті саналған өзбекстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Хасанбай Досматов көпшілікке белгісіз үндістандық боксшыдан ұтылып қалды деп хабарлайды olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Хасанбай Досматов

Фото: Хасанбай Досматов

49 келіге дейінгі салмақта Хасанбай Досматовты тоқтатқан боксшының есімі - Лалбиаккима Нутлаи.

22 жастағы боксшының Үндістан чемпионатындағы күміс жүлдесінен өзге ауыз толтырып айтатын жетістігі жоқ. Соған қарамастан, жас боксшы атағынан ат үркетін Досматовты 4:1 есебімен жеңіп кетті. Осыдан соң бапкері үнділік боксшыны залдан арқалап шықты.

Айта кетейік, үндістандық Лалбиаккима Нутлаи 9 маусым күні Жомарт Ержанмен жұдырықтасады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
0
2
23
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel