RU
9 жыл құлдықта болған алматылық келіншек жанайқайын жеткізді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

9 жыл құлдықта болған алматылық келіншек жанайқайын жеткізді (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысындағы белгісіз фермада құлдықта болған Нарғыз есімді келіншек жанайқайын жеткізді. 9 жыл бойы дұрыстап жалақы алмай, ұрып-соғумен күні өткен келіншек, фермада жүріп үш баланы өмірге алып келген деп хабарлайды "Евразия" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Евразия арнасы

Фото: Евразия арнасы

Нарғыздың айтуынша, құлдықта өткізген 9 жылында дұрыстап айлық та алмаған. Есесіне тірлікті дұрыс атқармадың деп ферма басшысынан таяқ жеген.

"Олар мені ұратын. Істеген жұмысым көңілдерінен шықпайтын. Олардың өздерінің байланыстары бар. Полиция қызметкерлері тексеруге келгенде бізді тығып қоятын", - дейді Нарғыз.

Анасының бұл сөзін қызы Дильназ да растап отыр. Оның айтуынша, анасы орнынан қозғала алмай қалғанда, ферма иелері Нарғызды үш баласымен көшеге қуып шыққан.

Нарғыздың айтқан фермасын тапқан тілшілер басшылықпен сөйлесіп көрген.

Алайда ферма басшысы Нарғызды қинамағанын керісінше, ауыр жұмыс істетпегенін айтып отыр.

Оның айтуынша, Нарғыз сиыр сауып, жұмысшыларға ас дайындаумен айналысқан.

Ал Нарғыздың фермада тапқан екінші күйеуі Витя қашып кеткен екен. Нарғыз қазір өзіне қорлық көрсеткен адамдардың үстінен арыз жазып, полицияға шағымданған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
8
1
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel