RU
Ақтөбеде ораза ұстаған студенттерді ауызашарға шақыратын қалталылар көбейді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде ораза ұстаған студенттерді ауызашарға шақыратын қалталылар көбейді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде қасиетті айда ораза ұстап, ауыз бекітетін студенттер саны көбейген. Биылғы жылы Ақтөбеде оқитын үш мыңға жуық студент ауыз бекітіпті. Есесіне оларды ауызашарға шақырып, сауап жинайтын бизнесмендер саны да артқан деп хабарлайды aktobenews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Давай Сходим!

Фото: Давай Сходим!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков мұсылмандыққа бет бұрған студенттердің көбейгенін растады.

"Бүгінгі күні шынайы дінге бет бұрып келе жатқан жастарымыз көп. Университетімізде өткен жылы мыңға жуық студент ораза ұстаса, биыл үш мыңға жуық студент ауыз бекітті.

Сол ашқұрсақ болып жүрген студенттерімізге Ақтөбенің үлкен қалталы азаматтары ауызашар беріп, жастардың ризашылығын алып жатқанына біз алғыс айтамыз", — деді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір