RU
BI Team Race: Қатал ойындар маусымы басталды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

BI Team Race: Қатал ойындар маусымы басталды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақмола облысының Вячеслав су қоймасында BI Team Race 2018 жарысы басталды. Жыл сайын BI Group туған күніне орай, су, әуе және жердегі кедергілерден тұратын командалық жарыс өткізеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: BI Team Race

Фото: BI Team Race

Командалар үшін трассалар мен тапсырмалар жылдан-жылға қиындай түсуде. Ол ерекше спорттық дайындықты және команданың ұйымшылдығын талап етеді. Сынақтардың дұрыс орындалуын тәуелсіз төрешілер бақылап отырады. Ойын ережесі қатардағы инженерлер үшін де, топ-менеджерлер үшін де бірдей.

Фото:BI Team Race

Фото:BI Team Race

Осы жылы BI Group-тың 23 жылдығына арналған BI Team Race бүкіл жарыс тарихында қатысушылардың саны рекордтық көрсеткішке жетті – 776 адам немесе 97 команда. Оның 14-і холдингтің бизнес-әріптестері. Оның ішінде қазақстандық журналистерден құралған команда да бар. Бұл таңғаларлық жағдай емес. Өйткені компания күн санап өсіп келеді.

"Иркутскіден осы жарысқа арнайы келген жаңа командамызды атап өткім келеді. Барлық қатысушыларға командалық рух болғанын тілеймін! Бұл жеңіс үшін ерекше мотивация! Жүлделі орындар бола тұра, бұл жарыста жеңілген команда болмайды. Финишқа дейін жеткеннің бәрі жеңімпаз. Өйткені бұл жалғыз адамның емес, тұтас команданың ерік-жігерімен келетін нәрсе, - дейді BI Group Директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев ойынның ресми ашылуында.

Фото:BI Team Race

Фото:BI Team Race

Өз кезегінде бұл жобасының ұйымдастырушысы Светлана Кошкарбаева осы жылы жарыстың ерекше болатынын және бірінші кезекте қатысушылардың өз-өздерін жеңуіне аса мән берілгенін айтып өтті.

Фото: BI Team Race

Фото: BI Team Race

Кейбір адамдарда қараңғыдан, биіктіктен, судан қорқыныш болады. Осы сынақтар арқылы адамдардың бойындағы қорқынышынан арылуына көмектескіміз келеді. Командалар бірінші күні Challenge, Unity, Combo Cross деп аталатын үш кезеңнен өтіп шықты. Оның әрбірі 10 кедергіден тұрады. Егер сіз әріптесіңізге қол созбасаңыз, ол бұл кезеңнен өте алмауы мүмкін. Демек барлық команда ойыннан шығады деген сөз.

Фото: BI Team Race

Фото: BI Team Race

Әрине, кейбір адамдар сұрауы мүмкін, мұның бәрі не үшін? Компанияның туған күнін мерекелік дастарханмен өткізе салса болады ғой?

Фото: BI Team Race

Фото: BI Team Race

"Мұндай ойындардан кейін жаныңда отырған адамды әріптесің ретінде емес, кез келген қиындықта сенім арта алатын адам ретінде білесің. Мұндай ойындарға әлі өсу керек. Ал BI Group командасы осындай деңгейге жетті", - дейді Светлана Кошкарбаева.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша жартылай финалға 97 команданың 28-і өтті. Ал ертең ең жылдам, ұйымшыл және ептілерді анықтайтын финалдық жарысы өтеді.

*PR құқында

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір