RU
Ақтауда үш жасар баланың қолын эскалатор қысып қалды (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтауда үш жасар баланың қолын эскалатор қысып қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын Астанада кішкентай қыздың қолы эскалаторға қысылып қалған болатын. Міне енді осы оқиға Ақтауда қайталанды. Ақтаудың үш жасар тұрғынының да қолын экскалатор қысып қалды деп хабарлайды lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Ақтау тұрғыны екі баласын ертіп, отбасымен ойын-сауық орталығына барған. Келіншек ақша шешіп алмақ болып, екі баланы күйеуіне ұстатып кетеді. Сол уақытта 3 жастағы сәби эскалаторға жетіп үлгерген.

"Мен айқайлағанымша болмады, ол құлап қалды. Жүгіріп жанына барғанымда қолы экскалатордың тістеріне қысылып қалғанын көрдім. Дереу суырып алдым. Саусақтары қан-жоса болды. Жақын маңдағы дәріханаға бардық. Сол жерде дәке танып, алғашқы көмек көрсетілді", – дейді Ақтау тұрғыны.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Cәбиге алғашқы көмек көрсетіліп, қолын ренгенге түсірген. Енді Ақтау тұрғындары аталмыш ойын-сауық орталығындағы эскалатордың тексеруден өткізу керек екенін алға тартты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір