RU
Ақтөбеде ішіп алған ауыл тұрғыны әкімнің көлігін ұрлап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде ішіп алған ауыл тұрғыны әкімнің көлігін ұрлап кетті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеге қарасты ауылда ішіп алған ауыл тұрғыны әкімнің көлігін ұрлап кеткен. Ол дүкеннен ішімдік алып келуге ауыл әкімінің көлігін пайдаланбақ болған деп хабарлайды "Диапазон" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: gazeta-rvs.ru

Фото: gazeta-rvs.ru

Әкім "УАЗ" маркалы қызметтік көлігін ауыл тұрғынының ауласына жөндету үшін қалдырып кеткен.

Ал 57 жастағы азамат оны айдап, дүкеннен ішімдік алып келмек болыпты. Оны жол полициялары тоқтатқан.

Аталмыш азаматтың көлікті рұқсатсыз айдағаны аздай, қолында көлік айдауға рұқсат құжаты да жоқ болып шыққан.

Алайда ауыл әкімі көлікті 57 жастағы азаматқа жөндету үшін қалдырғанын айтып, ешқандай айып тақпаған.

Құқық қорғау қызметкерлері ақтөбелік азаматты бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
3
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel