RU
Жануарды өзіне дос еткен ер азамат көпшілікті тәнті етті (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Жануарды өзіне дос еткен ер азамат көпшілікті тәнті етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Орталық Африкадағы Конго мемлекетінің ұлттық саябақ қызметшісі Андре өз елінде танымал тұлғалардың біріне айналуда. Оған ер азаматтың ерекше достығы себепкер болса керек. Жануарлар әлемінде тәжірибесі мол маман Ндази есімді маймылды өзіне нағыз дос етіп алған деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Конгодағы ұлттық саябақта қызықты оқиға орын алды. Жануарлар күтушісі Андре есімді ер азамат Ндази деген маймылмен нағыз дос болып кеткен.

Маймылдың тілін таба білген маман, оның саябақтағы жалғыз досына айналып шыға келді. Андре жұмысқа келе сала Ндазиге барған сәтінде, маймыл оны қатты құшақтап ойнағысы келеді.

Ең қызығы, басқа саябақ қызметкеріне жануар мұндай қарым-қатынас атаулысын тіптен білдірмеген. Әуелі, өзге күтуші келгенде маймылдың жақтырмай отырып алатыны да бар дейді саябақ қызметкерлері.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Андре өз кезегінде, бір жағынан аса қауіпті саналатын жануардан мүлдем қорықпай, оған жүз пайыз сенетінін айтқан.

Бұл ерекше достық жайлы хабардар болғандар, нағыз достардың суреттерін желіге жүктеді. Нәтижесінде, Андре мен Ндази асқан танымалдылыққа ие болып, интернет жұлдыздарына айналуда.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір