RU
Әйгілі Роналду түрмеге отырмайтын болды
Жаңалықтар Әлемде

Әйгілі Роналду түрмеге отырмайтын болды

Рассказать Вконтакте

Португалиялық шабуылшы испаниялық салық органдарымен бір мәмлеге келді. Криштиану Роналду мемлекеттік қазынаға 20 миллион төлеуге өз келісімін берген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Жасырын ашылған есепшоттары үшін 28 миллион көлеміндегі айыппұл төлеуі тиіс болған Роналду испаниялық салықшылармен келісе алған көрінеді.

Енді ол барлық заң бұзушылықтары мен төлемақы өсімі үшін 18-20 миллион көлеміндегі қаражатты төлеп, түрмеге отыру қаупінен түбегейлі құтылмақ.

Футболдық мансабына мұндай заңмен арадағы келіспеушілік зиянын келтірмес үшін футболшы айналасы оған салық органдарымен келісе салуына кеңес берген.

Айта кетейік, португалиялық жұлдыз 2011-2014 жыл аралығындағы табысы жөнінен испаниялық қазынаға 14,7 миллиион қарыз болды. Салық органдары Криштиану бұл заңсыз әрекеттері арқылы өзінің нағыз табыс көрсеткішін жасырып қалмақ болғанын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір