RU
Астанада жол апатына ұшыраған жүк көлігі көпірден құлап кетті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада жол апатына ұшыраған жүк көлігі көпірден құлап кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Елордада орын алған жол-көлік апатында қатты соқтығысып қалған жүк көлігі көпірден құлап кетті. Оқиға орынан түсіріліген видеожазбалар интернет кеңістігінде бірден таралып, үлкен талқыға түсіп жатыр деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астанада жол апатына ұшыраған жүк көлігі көпірден құлап кетті (видео)

Астанада жол апатына ұшыраған жүк көлігі көпірден құлап кетті (видео)

Орын алған жол-көлік апатына қатысты Астана қалалық ІІБ мынадай мәлімдеме жасады:

"Оқиға 31 мамыр күні болып өткен. Жүк көлігінің жүргізушісі Құдайбердіұлы көшесімен келе жатып, руль басқармасына ие бола алмай қалып, жолдың қарсы бетіне шығып кетті. Нәтижесінде Chevrolet Niva көлігімен қатты соқтығысып, көпірлен құлап кеткен", - делінген ресми құжатта.

Басқарманың баспасөз қызметінің айтуынша, екі жүргізуші де бірқатар жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп. тиісті медициналық көмек алған соң үйлеріне қайтарылған.

Жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ескерту! Видеода боғауыз сөздер кездеседі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір