RU
Канн фестивалінде үздік атанған актрисаның қарапайымдылығына көпшілік тәнті болды
Жаңалықтар Қоғам

Канн фестивалінде үздік атанған актрисаның қарапайымдылығына көпшілік тәнті болды

Рассказать Вконтакте

Әлемдік кино сыншылардың таңдауына ілігіп, үздік актриса атағын иеленген Самал Еслямова өзінің асқан қарапайымдылығымен таңғалдырды. Сұхбат беру барысында өзін салмақты әрі сенімді ұстаған актрисаның таза қазақша сөйлеп, тәккапарлық танытпағаны қазақстандықтар көңілінен шыққан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: sputniknews.ru

Фото: sputniknews.ru

Самал Еслямова танымал отандық жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбаты барысында өмірі мен өнері жайлы ашыла айтты. Оның айтуынша, оған отандық режиссерлардан көп ұсыныстар түсіп жатыр.

Енді Самал қазақстандық киноларда жақын арада бой көрсетіп қалуы мүмкін.

Канн фестивалінде үздік атанған актриса жауап беру барысында мүлдем мақтанбай, өзін өте қарапайым әрі ақкөңіл адам ретінде көрсеткен. Оған қоса, Самал Еслямова мүлдем боянбауға тырысатынын айтты.

Отандық актрисаның өзін-өзі ұстауына тәнті болған көпшілік интернет желісінде Самал Еслямоваға қатысты мақтау сөздерін жаудырып жатты.

"Үздік актриса атағын иеленді деп те айтпайсың. Қарапайымдылығына қатты таңғалдым. Сыншылар тарапынан ең мықты болып таңдалғандар әдетте өздерін мақтап әлек. Ал Самал нағыз ақкөңіл қарапайым қазақ қызы екенін дәлелдеді" , -деп жазды оқырман.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
3
2
64
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel