RU
Самал Еслямова: Менің елім - Қазақстан, азаматтығымды ешқашан ауыстырмаймын!
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Самал Еслямова: Менің елім - Қазақстан, азаматтығымды ешқашан ауыстырмаймын!

Рассказать Вконтакте

Канн фестивалінде топ жарған қазақстандық актриса Самал Еслямова азаматтығын ауыстыру ешқашан ойына кіріп шықпағанын айтты. Ол өзін басқа ел азаматшасы ретінде елестете алмайтынын жеткізді деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: tengrinews.kz

Фото: tengrinews.kz

Отандық актриса Ләйлә Сұлтанқызының The эфир бағдарламасында сұхбат беруі барысында өзінің қазақ екенін мақтан тұтатыны мен азаматтығын ауыстыру оның жоспарында жоқ екенін кесіп айтты.

Шетелден ұсыныстар келіп түсіп жатса, оларға қатысып қайтуға актриса өз келісімн бермек. Алайда, азаматтығын ауыстыруға айтар жауабы "жоқ" болады.

"Менің елім - Қазақстан, мен қазақ қызымын. Азаматтығымды мүлдем ешқашан ауыстырмаймын" , - деп айтты Самал Еслямова.

Сұхбат барысында асқан қарапайымдылық танытқан актриса көпшіліктің жылы лебізіне ие болған. Алдағы уақытта ол отандық киноларда бой көрсетпек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
18
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір