RU
Алматы облысының әкімі баласымен саябақта түнеген қызға пәтер кілтін табыстады
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысының әкімі баласымен саябақта түнеген қызға пәтер кілтін табыстады

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы әкімі 10 жасынан жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген жалғызбасты анаға берген уәдесін орындады. Ол 23 жастағы Гүлімге жаңа үй сыйлаған деп хабарлайды kazakh_inform Isntagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

10 жасында жетім қалған әпкелі-сіңлілі қыздарды, көршілері балалар үйіне өткізуге мәжбүр болған.

Гүлім кәмелеттік жасқа дейін «Айналайын» балалар үйінде өсті. Тағдыр тауқыметін ерте тартқан жетім қыз ерте есейіп, балалар үйін бітірісімен Талдықорған қаласындағы Агротехникалық колледжге оқуға түскен. Онда оқыған 4 жыл бойы ол жатақхана тұрды. Алайда, қолына диплом алысымен, мәселенің бәрі шешіліп кете қоймады.

Тіпті, алты жыл кездескен жігіті жетім екенін білгеннен кейін аяғы ауыр Гүлімді тастап кеткен. Ол баратын жері қалмаған соң, екі жасар қызын құшақтап аналар үйін паналаған. Жалғызбасты ана осы уақытқа дейін баласына құжатта жасата алмаған екен.

“Жылын жазып тұрып, ай-күнін жазбаған. Соның салдарынан әлі күнге дейін туу туралы куәлік ала алмаған. Ал бұл құжаты болмағандықтан жәрдемақы ала алмай, екі ай бойы көшеде сандалып жүрген. Осының бәрі әрбір қызметкердің қателігі, салғырттығы”, – дейді заңгер Қожаберген Дәуренбеков.

Барар жер, басар тауы қалмаған аяғы ауыр Гүлім бірнеше күн далада түнеген. Төрт күн бойы жас қыздың саябақтағы орындықта ұйыпта жүргенін көрген бейтаныс әйел оны үйіне апарып, тамақ берсе керек. Ол әйелдің жалғызбасты анаға деген көмегі зор болды.

Кейін Гүлім «Жетісу» телеарнасындағы «Болмыс» бағдарламасына келіп «Айналайын» балалар үйінің түлегі, жалғызбасты ана ретінде басынан кешкен қиыншылықтары жайлы айтқан болатын. Бағдарлама көрсетілімін көрген өңір басшысы Амандық Баталов оны өзіне шақырып, қолдау көрсететіндігін жеткізген болатын. Бүгін сол уәде орындалды!

Енді Гүлім өз бөбегімен жеке баспанасында бақытты ғұмыр кешпек.

Қоныс иесіне бір бөлмелі пәтердің кілтін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атынан әкім орынбасары Жақсылық Омар табыстады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
3
0
0
3
46
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel