RU
Еліміздің кейбір өңірлерінде бұршақ жаууы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздің кейбір өңірлерінде бұршақ жаууы мүмкін

Рассказать Вконтакте

"Қазгидрометтің" хабарлауынша жексенбі күні жаңбыр, бұршақ және желдің уытқуы болуы мүмкін деген болжам бар. Солтүстік өңірлерде қатты жел, бұршақ және тұман күтілуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: chaikovskie.ru

Фото: chaikovskie.ru

Синоптиктер Алматы облысында шаңды дауыл болады деген болжам жасауда. Оған қоса желдің уытқуы секундына 17-22 метрді құрайды дейді мамандар.

Желдің күшейе түсуі сондай-ақ, ОҚО мен Жамбыл облыстарында орын алмақ. Метеорологтар тіпті бұршақ жаууы да әбден мүмкін деген тұжырым жасады.

Монымен қатар, Павлодар және Қарағанды облыстары да бұршақ астында қалуы мүмкін.

Қатты жел мен ыстық ауа-райы Шығыс Қазақстанда күтілуде.

Оған қоса, синоптиктердің болжамы бойынша, республика аумағында өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір