RU
Сүйіктісі тастап кеткен бойжеткен қолындағы баласымен жұмысқа шығуға мәжбүр болды
Жаңалықтар Қоғам

Сүйіктісі тастап кеткен бойжеткен қолындағы баласымен жұмысқа шығуға мәжбүр болды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының тумасы сүйіктісіінң сатқындығынан кейін баланы жалғыз өзі қалай өсіріп жатқаны жайлы айтып берді. Анастасия ауыр дертке шалдыққаннан кейін, оған қоса баланы асырау үшін қаржы қажет болғандықтан жұмысқа шығуға мәжбүр болған деп хабарлайды NUR.KZ.

фото: Матроны.ру

фото: Матроны.ру

"Ата-анам мені асқан қаталдықта ұстады. Табиғатымнан мен қарапайым болдым. Мектепте жақсы оқыдым. Оқу біткен соң, оны Алматыда жалғастыруға шешім қабылдадым. Анам бастапқыда менімен бірге барып тұрмақшы болды. Алайда, мен жеке өмір бастағым келіп әпкеммен бірге пәтер жалдап тұрдым.
Бәрі жақсы болды. Әпкем менен сегіз жас үлкен. Еркіндікті сезінген мен көңілді кештер мен клубтарға жиі баратын болдым. Бастапқыда оған әпкем көз жұма қарағанымен, уақыт өте келе екеуміздің арамызда кикілжіңдер орын алып тұрды. Нәтижесінде мен жігітіммен бірге тұрамын деп кетіп қалдым" , - деп бастады Анастасия.

Сүйіктісімен Анастасия бірінші курстан бері таныс болып шықты. Әпкесі ақшалай көмектескісі келгенде бойжеткен одан бас тартып, өзі жұмысқа шыққан. Оқумен жұмысты біріктіре алмаған ол, артынан сыртай білім алуға ауысуға мәжбүрленді.

"Сүйіктім жұмыстан шығып қалғалы, қайтадан ақша табу үшін тырысқан жоқ. Үйде жата берді. Артынан мен одан екі қабат болып қалғанымды білдім. Қуанышты хабармен онымен бөліскенімде жігітім менен теріс айналып кетіп қалды. Менің өкпем қара қазандай болды. Ұяттан жерге кіріп кете жаздасам да әпкеме көмек сұрауға бардым. Ол мені қайтадан өз қасына алды", - деп айтты Анастасия.

Сегіз айында үйіне оралған Настя ата-анасынан қатты ұялғанын айтады. Өйткені жақында ғана зейнетке шыққан әкесі мен әлі жұмыс істейтін анасына масыл болғандай сезінген өзін. Олардың көзіне көп көрінбес үшін ол асханаға тек ешкім жоқта барып тамақатанған.

"Кейіннен ата-анам ашуланбайтындарын ұқтым. Олар маған қамқорлық көрсетіп, баламды алақандарында аялады. Ұлымды әкемнің атына жаздырдық. Баламның әкесі тек быр жылдан кейін ғана келді. Бірақ оған әкем не үйленіп отбасы бол, не құрт көзіңді деді. Ол екінші нұсқауды ұстанды" , - деп айтты Настя.

Бүгінгі күні Анастасия ауыр дертке шалдыққандықтан дәріге ақша табу үшін қолындағы баласымен жұмысқа шығуға мәдбүр болған. Баланың әкесі алимент атаулысын төлемейді. Оған қоңырау шалғанда ол тұтқаның ар жағынан әйелдің дауысын естіген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
3
1
7
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel