RU
Ғалымдар адамды ажалдан құтқаратын әнді анықтады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар адамды ажалдан құтқаратын әнді анықтады

Рассказать Вконтакте

Барселона университетінің ғалымдары ерекше тәжірибе жасап, 90-жылдары хит болған ырғақты әннің адам денсаулығына оңды әсер ететінін анықтады деп хабарлайды stan.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: stan.kz

Фото: stan.kz

Зерттеуге 164 студент қатысқан. Зерттеушілер оларды үш топқа бөлді. Алғашқылары – метроном аспабының сүйемелдуімен көкірек қуысына компрессия жасаған. Екінші топ іштей Macarena әнін шырқаған. Ал үшінші топ ерекше бақылауға алынды.

“Испаниялық Los Del Rio тобының Macarena әні жүрекке массаж жасау кезінде көмектеседі. Оның ритмі минутына 103 соққы. Ол кеуде қуысына қажетті жиілікпен сай келеді”, – дейді ғалымдар.

Екі минуттық массаждан кейін, метрономды қолданған студенттердің жақсы көрсеткішке ие болғаны анықталды. Бұл топ қатысушыларының 91%-ы минутына 100-120 соққыдан жасаған. Екінші орынға испан әнін шырқағандар жайғасты. Олардың 74%-ы ритммен сай келген. Ал метрономды да қолданбай, Macarena әнін де тыңдамағандар небәрі 21%-ды көрсеткен.

Зерттеу авторлары метрономның өнімділігі жоғары болғанымен, аталған аспапты оңайлықпен табу мүмкін еместігін атап өтті. Сондықтан да олар 90-жылдары хит болған әнді білу арқылы біреудің өмірін құтқаруға болады деген тоқтамға келді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel