RU
Ғалымдар адам организмінен тағы бір ми тапты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ғалымдар адам организмінен тағы бір ми тапты

Рассказать Вконтакте

Аустарлиялық ғалымдар адам организмінен екінші «миды» тауып алды. Олар тоқ ішекте орналасқан миллиондаған нейрондар асқазан-ішек жолдарының жұмысын бақылайтынын анықтаған деп хабарлайды zhalagash-zharshysy.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғалымдар адам денесінен тағы бір ми тапты

Ғалымдар адам денесінен тағы бір ми тапты

Ғалымдар ішектің жиырылуын зерттей келе, бұл нейрондардың электрлік импульстер таратып, ішекті жиырылуға мәжбүрлейтінін анықтаған. Ал оның бұл қызметі орталық нерв жүйесінен бөлек атқарылады екен.

Бұл нейрондарда өзіндік жүйке тізбектері бар және орталық нерв жүйесіне асқазан-ішек жолдарының жұмысын бақылауға көмектеседі.

Энтеральды (ішек – автор ескер.) жүйке жүйесі (ЭЖЖ) ішек-қарын жолының қызметін реттейтін миллиондаған нейроннан тұрады. Бұл жүйе ми мен жұлыннан тұратын орталық жүйке жүйесінен бөлек жұмыс істейді.

«Бұл шынымен де өз алдына жеке ми», – деген Флиндерс университетінің профессоры Ник Спенсер ЭЖЖ-ны "алғашқы ми" деуге болатынын, себебі бұл жүйенің эволюция барысында орталық жүйке жүйесінен бұрын пайда болғанын атап өтті.

Оның айтуынша, оны, тіпті, «бірінші ми» деп те атауға болады. Себебі эволюция барысында ол бас миынан бұрын пайда болған екен.

Сонымен қатар ғалымдардың сөзінше, тоқ ішектегі орталық нерв жүйесінде шамамен 400 мың нейрондар бар.

Ғалымдар тышқандардың тоқ ішектерінің нейрондарындағы электрлік импульске сараптама жасады. Белгілі болғандай, энтеральды жүйке жүйесі ішектегі бұлшықеттің жиырылуына себепші болатын қоздырғыш және кедергі келтіретін нейрондарды қозғалысқа келтірді.

Зерттеу авторларының айтуынша, бұған дейін ғылым ЭЖЖ-ның миллиондаған жасушасы электр импульстарын бір мезетте түрлендіріп отыратынынан бейхабар болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір