RU
Қытайлық полицей зейнеткерге жолдан тез өтудің ерекше тәсілімен көмектесті (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Қытайлық полицей зейнеткерге жолдан тез өтудің ерекше тәсілімен көмектесті (видео)

Рассказать Вконтакте

Сычуан өңіріне қарасты Мяньян қаласында қызықты оқиға орын алды. Балдағын ұстап жолдан әрең өтіп келе жастқан қарияға көмекке тәртіп сақшысы келген. Ол зейнеткерге жолдан тез өтудің әдісін қолданды деп хабарлайды hronika-info.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: hronika-info.ru

Фото: hronika-info.ru

Қарт адам бағдаршамның жасыл түсіне үлгере алмай әрең дегенде өтіп келе жатты. Оны байқап қалған полицей бірден зейнеткерге көмекке келген. Тәртіп сақшысы қарияны үстіне міңгізіп алып, тез арада жолдан өтуге өз септігін тигізді.

Көлік жүргізушілері болса, жағдайға түсіністікпен қарап атаның өтіп кетуін аяғына дейін күтті. Желіден таралып кеткен видео көпшілікті тәнті етті. Желі қолданушылары полицейлер арасында да адамгершілікті ер жігіттер болатынына тамсанды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір