RU
Туылғанына небәрі төрт күн болған сәби медбике салғырттығынан аяғынан айырылды
Жаңалықтар Әлемде

Туылғанына небәрі төрт күн болған сәби медбике салғырттығынан аяғынан айырылды

Рассказать Вконтакте

Қытайдағы Хэнань өңіріне қатысты Чжумадянь қаласында қайғылы оқиға орын алды. Салғырттық танытқан медбикенің кесірінен төрткүндік нәресте аяқсыз қалды. Медицина қызметкері кішкентай сәбидің қасына екі сағат бойы шаш кептіргіш құрылғыны қосулы күйде қалдырып кеткен деп хабарлайды kazpress Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zdorovyemamy.com

Фото: zdorovyemamy.com

Уақытынан ерте туылған нәрестелер бөліміне түскен сәби аяғынан айырылып қалды. Аурухана медбикесі жаңа туылған балаларды кептіріп жүріп, құрылғыны қосулы күйде ұмытып қалдырып кеткен.

Кептіргіш құрылғыдан екі сағат бойы сәбидің аяғына ыстық жел соғып тұрған. Нәтижесінде хирургтер нәрестенің аяғын қатты күйіп қалғандықтан кесіп тастауға мәжбүр болды.

Сол күні қызмететкен барлық медбикелер жұмыстан шығарылды. Ал перзентхана өкілдері оқиғаға қатысты ата-анадан кешірім сұраған.

Оған қоса, медициналық шығындарға зардап шеккен сәбидің отбасына 610 мың юань көлеміндегі қаражат берген. Алайда, отағасы мұндай көмектің қажеті жоқ екенін айтып, ақшаны өздеріне қайтарған.

"Егерде медбике жұмысын дұрыс атқарғанда менің ұлым мүгедек болмас еді. Ақшаның маған қажеті не?" , - деп айтты ашынған ер адам.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
2
9
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel