RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, найзағай болады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, найзағай болады

Рассказать Вконтакте

Синоптикетер 11 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Найзағай. Көрнекі фото: Depo.Київ - Depo.ua

Найзағай. Көрнекі фото: Depo.Київ - Depo.ua
Source: UGC

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болмақ.

Еліміздің басым бөлігінде желдің күшеюі, найзағай күтіледі. Кей жерлерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін, оңтүстікте – шаңды дауыл, солтүстікте, солтүстік-шығысында - тұман.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, түнде және таңертен Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с, найзағай, тұман, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Қарағанды, түнде Қызылорда, Атырау, күндіз Манғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Қарағанды, күндіз Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, түнде Ақтобе облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с, Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel