RU
Қадір түні қарсаңында Түркіменстан басшысы 600 тұтқынды түрмеден босатқан
Жаңалықтар Әлемде

Қадір түні қарсаңында Түркіменстан басшысы 600 тұтқынды түрмеден босатқан

Рассказать Вконтакте

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Рамазан айындағы қасиетті Қадір түні құрметіне 600 сотталушыға рақымшылық жасаған деп хабарлайды Centralasian.org қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қадір түні қарсаңында Түркіменстан басшысы 600 тұтқынды түрмеден босатқан

Қадір түні қарсаңында Түркіменстан басшысы 600 тұтқынды түрмеден босатқан

Бердімұхамедов жалпы үш мың адамды қамтитын рақымшылық жасау туралы бұйрыққа 8 маусымда қол қойған.

Босатылғандардың ішінде «Хизмет» қозғалысының мүшелері болды деген айыппен ұзақ мерзімге сотталған азаматтар да бар. Бірақ олардың нақты саны белгісіз.

Кейбір деректерге қарағанда, 2016 жылдың қазан айында түрік оппозициясына қатысы бар деп 30-дан астам адам сотталған. Енді бір мәлімет бойынша, 50 адам түрмеде отыр.

Орталық Азия елдері арасында адам санына шаққанда ең көп тұтқын Түркіменстанда. Бірақ соңғы жылдары Гурбангулы Бердімұхамедов рақымшылық жасауды дәстүрге айналдырып келеді. Соңғы рет биыл Наурыз мерекесі қарсаңында амнистия жариялады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel