RU
Алматыда жолды кесіп өткен жігітті Mercedes жүргізушісі қағып өлтірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда жолды кесіп өткен жігітті Mercedes жүргізушісі қағып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Алматының Райымбек даңғылында жас жігітті E-санатындағы Mercedes жүргізушісі қағып кетті. Жігіт дәрігерлер келіп жеткенге дейін тіл тартпай кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты. Көрнекі фото: VladNews

Жол апаты. Көрнекі фото: VladNews

Неміс көлігі жас жігітті рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп жатқанда қағып кеткен.

Соққыдан көліктің алдыңғы әйнегі шағылды. Ал жігіт ауыр жарақаттар алып, дәрігерлер келіп жеткенге дейін жан тәсілім еткен.

Оның өзімен бірге құжаттары болмады. Жігіттің жасы шамамен 20-25-те деп болжануда. Бүгінде оның кім екені анықталып жатыр.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel