RU
Назарбаев: Еліміздің қарызы көбейіп кетпеуін үнемі қадағалап отырамын
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Еліміздің қарызы көбейіп кетпеуін үнемі қадағалап отырамын

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның мемлекеттік қарызы әлем бойынша ең төмен. Бұл туралы Қытайға жасаған сапарын қорытындылап, қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекет басшысы еліміздің мемлекеттік қарызы ұлғайып кетпеуін үнемі жіті қадағалап отыратынын алға тартты.

"Қытайлық компаниялармен бірлескен жобалар - менің уағдаластығымның, жақсы қарым-қатынасымның арқасында орын алып жатыр. Бизнесмендерге жақсы жол ашып беріп отырмын. Оларға сенеді, өйткені мемлекетке сенім артады. Бұл жобалардың барлығы да коммерциялық, бизнес топтардың арасында жүзеге асырылады", - деді елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жеңіл рельсті трамвай жобасына ғана алынатын қарыз мемлекеттікі екендігін ашық айтты.

"Бұл жер үстіндегі метро десек те болады. Мұны салу - мемлекеттің міндеттемесі. Өйткені, инфрақұрылымын салып, теникасын ешкім сатып ала алмайды. Инфрақұрылымды мемлекет салуы тиіс", - дедпі резидент.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
25
5
1
2
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір