RU

Елбасы президенттер бір-біріне қандай сыйлық жасайтынын айтып берді

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшыларының бір-біріне қандай сыйлық жасайтынын айтып берді. Ол сыйлықтардың денін Тұңғыш президент мұражайындағы кітапханада тамашалауға болатынын айтуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Назарбаев. Фото: akorda.kz
Назарбаев. Фото: akorda.kz: UGC

ШЫҰ саммитінде мемлекет басшылары өзара сыйлық алмасты. Қазақстан президенті төраға Си Цзинпиньге тау барысының күміс бейнесін алып келген. Ал Назарбаевтың өзіне 15 метрлік жібек гобелен сыйланған.

"Мұндай тәжірибе бар (мемлекет басшылары арасында - автор ескертпесі), әңгіме қымбат сыйлықтарға келіп тірелмейді. Олай жасау ұят. Бастысы көңіл бөлгеніңді байқату маңызды", - дейді Назарбаев.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1736476-elbasy-prezidentter-bir-birine-kandaj-syjlyk-zasajtynyn-ajtyp-berdi.html