RU
Мәскеуге келген Роналду орыстардың салт-дәстүріне қатты таңғалды (видео)
Жаңалықтар

Мәскеуге келген Роналду орыстардың салт-дәстүріне қатты таңғалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Футболдан әлем чемпионатының басталуына небәрі санаулы күндер қалды. Бұл айтулы іс-шараны биыл қабылдайтын Ресейге жан-жақтан қатысушы құрамалардың легі ақырындап келіп жатыр. Еуропа чемпионы атағын иеленген Португалия командасы да Мәскеуге келіп, өзі күтіп алған орыс халқының салт-дәстүріне таңданысын жасыра алмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Әйгілі Роналду орыстардың салтына қатты таңғалды (видео)

Әйгілі Роналду орыстардың салтына қатты таңғалды (видео)
Source: UGC

Youtube желісіне жүктелген видеода Португалия құрамасының Мәскеуге келу салтанатыны көрініс тапты.

Әйгілі Роналду мен Португалия намысын қорғайтын басқа да футболшылар Мәскеу іргесіндегі «Кратово» спорттық базасына келіп жайғасты. Әлем чемпионатына орай келіп жеткен құрметті қонақтарды орыс халқы өз салты бойынша күтіп алған.

Ұлттық нақышта киім киген орыс қызы «Подмосковные вечера» әнінің сүйемелдеуімен португалдық делегацияға нан мен тұз ұсынды.

Алғашында Криштиану Роналду бұл асты қалай жеу керек екенін түсінбегендей болып, артынан нанды үзіп алды да, бетіне тұз сеуіп жей бастады.

Ерекше салт-дәстүрге таңғалған португалиялық жұлдыз командаластарына бұрылып, өзара бірдеңе талқылыған. Кейін олар күлкілерін тыя алмай қалды.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 14 маусым күні басталмақ. Португалия ұлттық құрамасы Испаниямен, Морокко және Иранмен бір топқа түскен болатын.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel