Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойда әншілермен қосыла ән шырқаған қария көпшілікті сүйсінтті

Опубликовано:

Бүгінде ғаламтор беті түрлі қызықты видеоларға толып тұр. Әсіресе, той-томалақтардағы есте қаларлық сәттер Instagram желісін жаулап алған. Көбінесе қазақ әншілері өздерінің парақшаларында мұндай дүниелермен бөлісіп отырады.

Жарасымды дуэт құрып, ел алдына шығып жүрген Қосқанат Көпжасар мен Гаухар Сардарбек те тойдағы қызықты видеоларын жиі жариялап тұрады.

Солардың ішіндегі "жүрек елжіретер" ерекше сәт желі қолданушыларын тәнті еткен.

Кезекті тойлардың бірінде "Сағындың ба?" деп әндеткен өнер иелеріне тойға келген қариялардың бірі қосыла шырқап, көпшілікті күлкіге қарық қылды.

"Сенің сүйікті әнің қосылып жатқан сәт", - деп жазады Қосқанат видео анықтамасына.

Insragram жазылушылары болса ән айтқан қарияға денсаулық тілеп, әншілерге жағымды пікірлерін аямады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1736478-tojda-nsilermen-kosyla-n-syrkagan-karia-kpsilikti-sjsintti/

pixel