RU
Астанада рөлсіз автобус басқарған жүргізуші жұртты шошытты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада рөлсіз автобус басқарған жүргізуші жұртты шошытты (видео)

Рассказать Вконтакте

Астанада автобусты рөлі жоқ болса да басқарған жүргізуші жұртты шошытты. Тұрғындар оны видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жария еткен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жүргізуші. Видеодан скриншот

Жүргізуші. Видеодан скриншот

Автобусты басқаруға арналған рөл жүргізушінің орындығының астында жатыр екен. Ол жолда сынып қалған болуы тиіс. Алайда транспорттық компания қызметкерін бұл жайт тоқтата қоймаған.

Астана ІІД-не сілтеме жасаған Tengrinews.kz агенттігінің ақпаратына сәйкес, компания басшылығы мен жүргізушінің үстінен әкімшілік іс қозғалды.

Жүргізуші жолаушылардың өміріне қауіп төндірмеу үшін оларды автобустан түсіргені және өзі де автобусты тоқтатқаны алға тартылды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel