Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық шахматшы қызға белгісіз ер адам мүшеқап салынған ұятсыз хат жолдаған

Опубликовано:

Қазақстанның шахматшы қызы Бибісара Асаубаеваға белгісіз ер адам ұятсыз хат жазып, мүшеқап жолдаған. Қызының қауіпсіздігіне алаңдаған анасы азғынға қатаң ескерту жасап, дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Chees-news.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бибісара. Фото: НТВ
Бибісара. Фото: НТВ: UGC

Спортшының анасы қызы Уругвайда Ресейдің атынан шахмат жарысына қатысқаннан кейін түрлі қиындықтар туындай бастағанын айтуда. Алдымен жас қызды өзгенің көмегіне жүгінді деп айыптаған. Бұл жайт бойынша әлі де сот ісі жүріп жатыр.

Содан кейін Бибісараны шахмат фигурасын ұрлап алды деп айыптаған. Алайда үйретушінің бұл айыбы расталмапты. Сара қызына жала жапқан Бездогованы бұл жайт үшін жазаға тартпауды жөн санапты.

Шахматшы қызға жарысқа мүлде қатысы жоқ қоқан-лоққылар да көрсетіліп жүр екен. Алайда соңғы жайттан кейін анасы дабыл қағуға мәжбүр болады.

Батумидегі әлем чемпионатында Бибісара әлемнің экс-чемпионы Халифманмен сынға түседі. Жеребе тасталғаннан кейін бірнеше күн өткенде кішкентай шахматшы қызға қорқынышты хат келген.

Шахмат клубының қызметкерлері хатты ашқанда, ол жреден топтық зорлықтың суреті мен қолданылған мүшеқапты табады.

Фото: chees-news.ru
Фото: chees-news.ru: UGC

Хатты жолдаушы ретінде Халифманның есімі көрсетілген. Тіпті жолдаушының нақты мекенжайы да жазылыпты. Одан бөлек хатта Рига-Латвия мөрі байқалған.

Сараның айтуынша, Халифманның өзі бұл жайттан мүлде бейхабар болыпты. Ол өзінің атынан белгісіз біреу жолдаған хатты көріп, шалқасынан түсе жаздаған. Бүгінде шахматшы күдіктілер қатарында жоқ екен.

Бибісараның анасы белгісіз азғынға қызынан аулақ жүруін қатаң ескертуде.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736487-kazakstandyk-sahmatsy-kyzga-belgisiz-er-adam-msekap-salyngan-atsyz-hat-zoldagan/

pixel