RU
"Атып тастағым келді": Емге ақша жинаған танымал блогерді полиция ұстап алды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Атып тастағым келді": Емге ақша жинаған танымал блогерді полиция ұстап алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қайырымды жандардың басын біріктірген танымал блогер Айдын Тоқсанбаева жеке парақшасында полицейлер тарапынан болған қысымды айтып, елдің жағасын ұстатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: janym_baklajanym

Фото: janym_baklajanym
Source: UGC

Блогер "Жаным Баклажанымның" айтуынша, көмекке мұқтаж болған Римма Асқароваға арнап қажетті қаражатты жинау мақсатында бір топ қайырымды жандар болып Алматыдағы Арбат алаңына барған. Кешкі 11-ден кейін халық әндерін шырқағаны үшін оларға тәртіп сақшылары келіп, тиіскен.

Өз кінәсін мойындап тұрған Айдын полицейлердің ерсі қылығына қайран қалды.

Шараға атсалысып жүрген баланы полицейлердің келіп, жұлқылай бастағанын көрген блогер бөлімшеге өзін алып кетуін сұраған.

Оның айтуынша, тәртіп сақшыларының басты міндеті - үйлеріне ертерек қайту үшін бес рапорт жаздырту.

Ол жерге барғанымызда форма кигеннің барлығы әйтеуір дікеңдеп тұрды...Бір уақытта мен емес Риммаға жаз десем, түсініп штраф салмайтын шығар деп онда осы қызға жазыңыз десем ағамыз "недеген жаман адамсың, осы типо қайырымдылығыңа қанша ақша аласың? Сендей адамнан Құдай сақтасын" деді...

Қанша адам, сонша ой...екенін білсем де жаман болдым... Күн, түн демей сонша тырысып жүргенімде, мән-жайды білмей просто "жаман адамсың, қанша аласың осыдан" дегені ауыр тиді.. Боқтап, ана жерде атып тастағым келді, бірақ қасиетті ай тоқтатты..

Не керек айыппұлымды алдым, бірақ айыппұлдан бұрын жүрегімді ауыртты.. Бір сәтке жақсылық жасап жүргеніме өкіндіріп жіберді... Заңды бұздым, жарайды... Бірақ бұл сөзі артық болды...

Сіздің реакцияңыз
30
4
3
6
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel