RU
Назарбаев футболдан Әлем чемпионатының ашылуына баратын болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев футболдан Әлем чемпионатының ашылуына баратын болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда журналистермен болған сұхбат кезінде футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысатынын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Mir24.tv

Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Mir24.tv

"Владимир Путинді Қытай төрағасы орденмен марапаттады. Мен мұны құптаймын.

Осындай кезде барлығымыз Ресей президентін қолдауымыз керек. Сол себепті мен футболдан әлем чемпионатының ашылуына барамын.

Негізі финалдық ойындарға бару керек еді. Кейбіреулері қарсылық танытып жатыр. Қаламай жатыр.

Біз - жақын доспыз. Біз баруымыз керек. Достық барда ел басшыларының арасында жақын қарым-қатынас орнайды. Бірақ саясаткерлердің достығы - махаббат емес.

Саясаткерлік достық - адами достық. Бірақ басқалай да болуы мүмкін", - деді елбасы.

Еске салайық, Назарбаев ел басшыларының бір-біріне қандай сыйлықтар сыйлайтынын айтып берген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір