RU
Анасын ғашығының артына отырғызған Тимати ел алдында оңбай сөз естіді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Анасын ғашығының артына отырғызған Тимати ел алдында оңбай сөз естіді

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде дүркіреп өткен "Муз ТВ" жүлдесінің ауқымды іс-шарасы қызықты оқиғаларға толы болды. Көпшілік алдында ыңғайсыз жағдайға қалғандар арасында Тимати да бой көрсеткен. Танымал жүргізуші Ксения Собчак алдыңғы қатарға сүйіктісімен отырып, анасын артқы жаққа жайғастырған Трэперді ел алдына сөгіп тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: lady.mail.ru

Фото: lady.mail.ru

Cалтанатты кештің жүргізушісі Ксения Собчак өзінің өткір сөздерімен Тиматидің сүйіктісінің көңіліне қаяу түсіріп үлгерді. Ол анасын артқы орынға отырғызған әншінің әрекетін сынап, Анастасия Решетоваға да жағымсыз сөздер айтып тастады.

"Мен ана ретінде Симона ханымды жақсы түсінемін. Сен баланы өсіресің, бағып-қарайсың. Ал ол болса, мерекелік кешке "мынау" сияқты әйелмен келіп қана қоймай, оны қасына алып, ал сені артына отырғызып қойған қандай әділетсіздік. "Мынау" сияқтылар сенің балаңның қасында жүргені недеген масқара!" , - деп айтты эмоцияға берілген Ксения.

Танымал жүргізушіден сөз естіген Анастасия Решетова болса оған өкпелі емес екендігін жеткізді. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына ешкімге реніш, кек сақтаудың қажеті жоқ деген екі ойлы жазба қалдырған.

Фото: lady.mail.ru

Фото: lady.mail.ru

Бұл оқиғаға қатысты әзірге Тимати ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
2
0
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір