RU
Елес секілді ұшып жүрген сән модельдері елдің таңданысын тудырды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Елес секілді ұшып жүрген сән модельдері елдің таңданысын тудырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Сауд Арабиясының Джидда қаласында модельдердің қатысуынсыз қызық сән көрсетілімі өтті. Олардың орнына дизайнерлер ұшатын дрондарды қолданған. Көрсетілімнің қатысушысы болған әйгілі Dolce & Gabbana сән үйі де бұл ұсынысты қолдады. Мұндай шешім қасиетті Рамазан айының құрметіне орай қабылданды деп хабарлайды NUR.KZ.

Сән көрсетіліміне ер модельдер қатыспады. Өздерінің жекелей көрсетілімі кезінде де оларға подиумға шығуға рұқсат берілмеген. Бірақ кейбір видеолар әлеуметтік желіге түсіп, біраз талқыланды.

Желі қолданушылары елдегі әйелдердің құқықтарының тапталғанына қарсылығын білдірді. Басқалары болса, сән көрсетілімін өте қорқынышты дүниеге балап, ұшып жүрген киімдерді елеске ұқсатқан.

Айта кетейік, Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында елдің тарихындағы бірінші әйелдердің сән апталығы өтті.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel