RU
Сезімге ерік берген Киркоров танымал ресейлік жүргізушіні сүйіп алды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сезімге ерік берген Киркоров танымал ресейлік жүргізушіні сүйіп алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше ресейлік жүргізуші Ольга Бузова өзінің мейрамханасын ресми түрде ашқан болатын. Әншінің қуанышына ортақтаса оны құттықтап келген жұлдызды қонақтар қатары көбейе берген. Олардың арасында әйгілі Филипп Киркоров та бой көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: rutv.com

Фото: rutv.com

Ольга Бузова мен Филипп Киркоров арасындағы аса ерекше қарым-қатынастарын тағы бір мәрте жұрт назарына көрсетті. Танымал жүргізушіні құттықтай келген Киркоров оны құшағына алып, артынан сүйіп алған.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны Бузованың өзі Instgarm парақшасына жүктеп қойды.

Желі қолданушылары екі жұлдыз арасындағы қарым-қатынасты түсінбей әлек. Бұған дейін олардың ел алдындағы әрекеттерін әзіл ретінде қабылдаса, енді жағдай ушыға түскен.

Фото: rutv.com

Фото: rutv.com

Оқырмандардың пікірі екіге бөлінді. Бірі жұлдыздардың қосылуына қарсы болмаса, қалғаны екеуін де аяусыз сөгіп тастады.

"Пияр үшін ғой мұның бәрі, не керегі бар өтірік жасап. Барып тұрған жасандылық қой", - деп жазған оқырман.
Фото: rutv.com

Фото: rutv.com

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
2
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір