RU
Жазықсыз сотталып, 25 жыл түрмеде отырған азамат 10 млн доллар алатын болды
Жаңалықтар Әлемде

Жазықсыз сотталып, 25 жыл түрмеде отырған азамат 10 млн доллар алатын болды

Рассказать Вконтакте

Филадельфия тұрғыны Энтони Райт 1991 жылы 77 жастағы көршісін өлтірді деп айыпталған. 20 жастағы жігіт ол уақытта өзінің кінәсіздігін дәлелдей алмай, өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

77 жастағы Луиза Тэллидің зорланған, пышақпен тілгіленген денесі өз үйінен табылады. Полицейлер күдікті ретінде марқұмның көршісін қамап, Энтони Райт 36 жыл өмірін абақтыда өткізеді.

2014 жылы азамат жазықсыз сотты болғандарды қорғаумен айналысатын "Кінәсіздік" жобасынан көмек сұрайды. Осыдан аз ғана уақыт бұрын марқұм әйелдің денесінен табылған шәуеттің Райтқа тиесілі еместігі анықталған еді. Белгілі болғандай, оны зорлаған нашақор Ронни Берд екен. Алайда қылмыскер әжейді өлтіргеннен кейін басқа заңбұзушылығы үшін түрмеге түсіп, сол жерде қайтыс болады.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

2016 жылы жарты өмірін абақтыда өткізген Энтони Райт бостандыққа шығып, өзінің ісімен айналысқан полицейлерге қарсы арызданды. Енді Филадельфия басшылығы жазықсыз сотталған азаматқа 9,85 миллион доллар төлейтін болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel