RU
Шымкент әкімі өзінің жерлесін лауазымды қызметке тағайындады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Шымкент әкімі өзінің жерлесін лауазымды қызметке тағайындады

Рассказать Вконтакте

Шымкент әкімі Нұрлан Сауранбаев өзінің жерлесін әкімдіктің аппарат басшысы етіп тағайындады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкент әкімі өзінің жерлесін лауазымды қызметке тағайындады

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Source: UGC

Алтай Әли Шымкент қаласы әкімдігінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды. Жаңа басшы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген ол орыс, түрік және ағылшын тілдерін біледі.

Еңбек жолын 2005 жылы қазақстандық-австриялық "Рахат" АҚ-ның "Рахат Палас Отель" кәсіпорынының байланыс орталығының қызметкері болып бастаған.

Жаңа аппарат басшысы бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Премьер-министр кеңсесінің өңірлерді дамыту бөлімінің бас инспекторының бас кеңесшісі қызметін атқарған.

Айта кетерлігі, Алтай Әли - Шымкент әкімі Нұрлан Сауранбаевтың жерлесі.

Сіздің реакцияңыз
10
5
1
1
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel