RU
Баласынан айырылған танымал тележүргізуші екі сәбиді өмірге алып келмек
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баласынан айырылған танымал тележүргізуші екі сәбиді өмірге алып келмек

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын танымал тележүргізуші Сәуле Әбединованың ер жеткен ұлы оқыстан қаза тапқан болатын. Қайғыдан қан жұтқан жүргізуші өзіне түсіне күлімсіреп кіретін ұлының бейнесі демеу болғанын да жасырмаған болатын. Енді Әбединова екі баланы өмірге алып келгісі келетінін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Сәуле Әбединова. Фото: Fcebook

Сәуле Әбединова. Фото: Fcebook

Бұл ниеті жайлы Сәуле Әбединова Instagram парақшасында жариялады.

"Алла берсе, дәл осындай екі бала тусам деп армандап отырған сол. "Мен тілеймін, жарқыным, сен де тіле" демекші, мен үшін сіздер де дұғада болыңыздаршы", - деп жазды "Ақжүністің" жүргізушісі.

Ал желі қолданушылары қайтадан аяққа тұрған Әбединованың бұл ісіне қолдау білдірді.

"Алла бұйырса болады", "Сіздің қайтадан қалыпты өмірге оралғаныңызға қуаныштымыз", "Ораза айында тілеген тілегіңіз Алланың құлағына шалынсын", "Сізге дені сау, саналы ұрпақты нәсіп етсін" деп жарыса жазды оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
2
58
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel