RU
"Реал Мадрид" арқасында қыруар ақшаға кенелген жігіт қызу талқыға түсті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Реал Мадрид" арқасында қыруар ақшаға кенелген жігіт қызу талқыға түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық жігіт Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен "Реал Мадрид" клубы мен оның ойыншысы Бэйл Гаретті дүниеге әкелген анасына алғысын қарша боратты, деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.
Source: UGC

Желіде испандық "Реал Мадрид" футбол клубына алғыс айтқан жас жігіттің видеосы тарап кетті.

"Міне, Олимптен шығып жатырмын. Рахмет саған, Реал. Жігіттер, Ливерпуль, өле қой. Үлкен рахмет Реал саған, Алланың нұры жаусын. Бэйл өмір бақи сені сыйлап өтемін. Сен сияқты адамды туған анаңа рахмет, Бэйл",-дейді қомақты ұтысқа жеткен әскери формадағы жас жігіт.

Видео желіде әп-сәтте таралып кетті. Бірі жеңіске жеттім деп жарияға жар салған жігіттің тәуекелге бел буып, қаржы тігіп ұтысқа кенелгеніне қызықса, көбі оның бұл әрекетін күлкіге балады.

"Видеоға формасын шешіп түссе нетті?", "Аллаға, ата-анасына осылай алғыс айтқан ба екен?", "Мынауың футболды қақпайтын адам ғой" деген желідегілерге жігіттің "Ливерпуль" клубындағыларға қарғыс айтқаны жақпай қалды.

Айтпақшы, желі қолданушылары видеодағы форма киген жігіттің Чемпиондар лигасының финалында "Реал Мадрид" командасының жеңісіне 10 млн теңге бәс тігіп, 17 млн теңге ұтып алған шымкенттік азамат емес пе деп бастары қақты.

Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.
Source: UGC

Еске салсақ, мамыр айында өткен Чемпиондар лигасының финалында "Ливерпуль" мен "Реал Мадрид" ойын көрсеткен еді. Тартысты матчта "Реал Мадрид" жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасының үш дүркін чемпионы атанды.

Финалда шымкенттік тұрғынның букмекерлік кеңселердің бірінде 10 млн теңге тігіп, 17 млн теңге ұтып алғаны және бұл еліміздегі ең ірі букмекерлік ұтыс ретінде есте қалатыны туралы ақпарат тарады.

Сіздің реакцияңыз
6
2
1
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel