RU
Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралды
Жаңалықтар Қоғам

Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралды

Рассказать Вконтакте

Ауыр атлетикадан əлем чемпионы Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралмақ. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты де хабарлайды NUR.KZ порталы.

Илья Ильин

Илья Ильин

Ауыр атлетикадан бірнеше дүркін əлем чемпионы Илья Ильин 2 жылға спорттан шеттетілген еді. Кеше, яғни 10 маусым күні, спортшының əлемдік додалардан шеттетілу уақыты тоқтаған көрінеді. Осыған орай белгілі зілтемірші тілшілер алдында соңғы екі жыл бойы немен айналысқанын айтып берді.

"24 мамыр күні өзімнің 30 жасқа толған туған күнімді атап өттім. Бірақ сол күні дəл кешегідей қуанбаған шығармын. Осы ретте маған үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан мемлекет басшысы мен халқыма зор алғысымды білдіргім келеді", - деді Илья Ильин.

Сондай-ақ, ол соңғы жылдары ағылшын тіліне ден қойғанын атап өтті.

"Ағылшын тілін жетік меңгеріп аламын деген сенімдемін. Қазір де шүкір осы тілді жап-жақсы игеріп қалдым.

Спорттық жағдайыма келер болсақ, зілтемірді ешқашан тастаған емес. Үнемі спортпен шұғылданумен болдым. Биыл қыркүйек айында алдымен Қазақстан чемпионатына қатыспақпын. Сосын əлем чемпионаты бар дегендей.

Егер жолымыз болып, құдай қолдап жатса бəлкім Токио одимпиадасына да лицензия алып қалармыз.

Əрине, біріншіден ел чемпионатында топ жару керек. Білікті əріптестерім С.Зайчиковтармен бақ сынасатын боламын. Айта кету керек олар да осал қарсылас емес", - деді спортшы.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір