Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да кәсіпкер мұқтаж жандарға 2,5 млн теңгенің азық-түлігін таратып берді (фото)

Опубликовано:

ОҚО, Жетісай ауданының тұрғыны Медет Тайманов аз қамтылған отбасыларға 2,5 млн теңгенің азық-түлігін тегін таратты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Кәсіпкер қасиетті Рамазан айында пітір садақа ретінде тұрмысы төмен жерлестеріне бір айға жететіндей азық-түліктің жеті түрін таратты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Мұндай қайырымдылық шарасын жыл сайын қасиетті Қадір түні қарсаңында жасап келемін. Биыл төртінші жыл. Бұған дейін 100 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етсек, биыл Алла нәсіп етіп 200 отбасыға жеткіздік. Көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін аудандық "Нұр Отан" партиясы мен Жетісайдағы "Нұғман" мешітіндегілерден алдық", - деді кәсіпкер.

Кәсіпкер кеше Мақтаарал ауданындағы Мырзакент пен Атакенттегі 100 отбасыға, ал бүгін Жетісай ауданының орталығындағы тағы 100 отбасыға азық-түлік үлестіріп берді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Садақа ретінде таратылған азық-түлікке 2 млн 520 мың теңге жұмсалыпты. Одан өзге баспана азабын тартып отырған үш отбасыға 100 мың теңгеден берген.

Қалталы азамат мұндай қайырымдылық шарасын келер жылы да жалғастыруды мақсат тұтып отыр.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736557-oko-da-ksipker-mktaz-zandarga-25-mln-tegeni-azyk-tligin-taratyp-berdi-foto/

pixel