RU
"Менің рухани әкем": Ильин өзіне қолдау көрсеткен Назарбаевқа алғыс айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Менің рухани әкем": Ильин өзіне қолдау көрсеткен Назарбаевқа алғыс айтты

Рассказать Вконтакте

Белгілі зілтемірші, ауыр атлетикадан бірнеше дүркін əлем чемпионы Илья Ильин спорттан шектетілген уақытта өзінен ешкім теріс айналмағанын мəлімдеді. Айтуынша, қиын кезеңде спортшының жанынан оның ата-анасы табыла білген екен. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

"Ол - менің рухани әкем": Ильин өзіне қолдау көрсеткен Назарбаевқа алғыс айтты

"Ол - менің рухани әкем": Ильин өзіне қолдау көрсеткен Назарбаевқа алғыс айтты

Илья Ильин спорттан шектетілген қиын сəтте өзінен ешкімнің теріс айналып кетпегенін мəлімдеді.

"Ондай жағдай болған емес. Мен сенген, жақын араласқан адамдардың бəрі жанымнан табыла білді. Əсіресе маған барынша қолдау көрсеткен ата-анама алғысым шексіз", - деді белгілі спортшы.

Сонымен бірге, ол үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа өз алғысын білдірді.

"Мен үнемі маған көбірек қолдау көрсеткен кім?" деген сауалды өз-өзіме қоямын. Президент пе, əлде халық па?

Бүгін ресми түрде Нұрсұлтан Əбішұлына ерекше алғыс білдіргім келеді. Ол - менің рухани əкем. Былтыр, əлі есімде, қиын күндерді басымнан кешіріп жатқан сəтте ол кісімен ЭКСПО-да жолыққан едім.

Ол кісі маған келіп: "Жағайдың жақсы ма? Уайымдама бəрі жақсы болады. Сен мен үшін мəңгілік чемпион болып қаласың" деген еді. Сол сөзі маған қатты əсер етті, үлкен рух берді.

Президент мені еңбегім үшін бағалайды деген ойдамын. Сол сияқты Қазақстанның түкпір-түкіпіріндегі, шалғай жатқан ауылдар мен түрлі аймақтардың тұрғындарының ыстық лебізі мен тілектері мені қанаттандырады", - деді зілтемірші.

Айта кетейік, бұған дейін спорттан 2 жылға шеттетілген Илья Ильиннің үлкен спортқа қайта оралатыны белгілі болған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір