Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мешітте тәртіп бұзған сәләфті "ұйықтатып" тастаған каратэші имам туралы не білеміз?

Опубликовано:

Алматы облысы Қарғалы ауылындағы көне «Сәт» мешітінде 1996 жылдан бері бас имам болып келген Сейітқали Серік-қажы Ыбытаев мешітте тәртіпке бағынбаған сәләфті бір соққысымен "ұйықтатып" тастап, көпшілік назарына іліккен болатын. Танымал имам бүгінде де мықты денсаулығымен елді таң қалдырып жүр деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Имам. Фото: Ыбытаевтың жеке мұрағаты
Имам. Фото: Ыбытаевтың жеке мұрағаты: UGC

Еске салсақ, бұған дейін аталмыш мешіт маңындағы "Алла" жазуы бар тау арабтардың таңдайын қақтырғанын жазған болатынбыз.

Бұрындары тыңшы болып қызмет еткен қария ислам дініне бет бұрып, 1886 жылы бой көтерген көне мешітте бас имам атанады.

Мешіт. Фото: NUR.KZ
Мешіт. Фото: NUR.KZ: UGC

Ол мешітке келіп, теріс уағызын жүргізуге тырысқан сәләфтарға мықты тойтарыс беріп, мешітте тәртіп орнатқанының арқасында өңірде танымал болып үлгерген.

Мешіт. Фото: NUR.KZ
Мешіт. Фото: NUR.KZ: UGC

"Менің ең үлкен жетістігім - имам болып жұмыс істегенім. Мен енді, Кеңес одағы кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері болғанмын. Талай жыл қызмет істедім, ол кезде өте құпия жағдайда бірнеше мемлекеттерде болдым, оның ішінде Сирияда, Ауғанстанда, Иранда, Түрік мемлекеттерінде болып қайттым. Сол жақтарда жүріп, тіл үйреніп, дін үйреніп, әріп үйреніп, Алла менің жүрегімді оятты, иманымды келтірді", - дейді Ыбытаев.

Имам. Фото: Ыбытаевтың жеке мұрағаты
Имам. Фото: Ыбытаевтың жеке мұрағаты: UGC

Қария жетім болып өссе де, бүгінде бақытты екенін айтуда.

"Төрт айымда шешем дүниеден кеткен екен. Содан кейін алты жасымда әкем де қайтыс болды. Бүгінде, Аллаға шүкір жаман емеспіз. Бала-шағаларым бар, жолдасым бар, тап-тамаша өмір сүріп жатырмыз. Ұл-қыздарымның бәрі жақсы, өздері оқыған, университеттерде сабақ береді", - дейді ақсақал.

Имам. Фото: Ыбытаевтың жеке мұрағаты
Имам. Фото: Ыбытаевтың жеке мұрағаты: UGC

Сейітқали - Серік қажы Ыбытаев «Сәт» мешітін қолға алған сәттен бастап оны талай күрделі жөндеуден өткізіп, қазір 500 адам сиятын ғимаратқа айналдырған. Мешіттің айналасы гүлмен көмкерілген, іші-сырты тап-таза.

Имам. Фото: Ыбытаевтың жеке мұрағаты
Имам. Фото: Ыбытаевтың жеке мұрағаты: UGC

Спорттың ең қиын түрлерін, оның ішінде каратэ, қоян-қолтық ұрысты жетік меңгерген қария аптасына бірнеше рет 15-20 келі тас салынған сөмкені арқалап, төрт шақырымдық тау бөктеріне жүгіріп шығады.

Имам. Фото: Ыбытаевтың жеке мұрағаты
Имам. Фото: Ыбытаевтың жеке мұрағаты: UGC

Ақсақал соңғы кездері режиссерлердің сұрауы бойынша бірнеше тарихи телехикаялар мен киноларда Төле би, Қорқыт ата, Әл-Фараби сынды тұлғалардың образын сомдап, жақында "Красный уровень" телехикаясына түседі. Құлшар көркем фильмінде Құлшар күйшінің рөлін сомдайды. Қарияның келісті келбеті мен шымыр денесі оны өзгелерден ерекше ететіні анық.

"Таудың басында жүгіріп келе жатсам, бір көлік келіп тоқтады. Не істеп жүргенімді сұрады. Енді менің түрімді көрді, сақалым бар, әскери формадамын. "Сізді суретке түсіріп алуға бола ма" деді. Мені суретке түсіріп, телефонымды сұрап алып кетті. Солай актерлік жолға түстім. Өзім аттың үстінде жақсы шабамын, көкпар тартамын, әлі күнге дейін төбелеске шығамын", - дейді имам.

Имам Құран кәрімді оқытып жатқан шәкірттерінің ішінен қарилар шығып жатқанын айтуда.

Имам. Фото: NUR.KZ
Имам. Фото: NUR.KZ: UGC

"65-тен ассам да шынығып жүремін, шымырмын. Арнайы жасақ мектебін бітірдім. Әрбір қаруды жақсы игергенмін. Енді, өзіңіз ойлаңыз Ұлттық қауіпсіздік комитетінің подполковнигі қандай болады?", - дейді шымырлығының құпиясымен бөліскен имам.

Сейітқали - Серік қажы Ыбытаев бүгінде «Жамбыл ауданының құрметті азаматы», «Алтын қыран» медалінің, "Ұлт мақтанышы" медалінің және Ресей федерациясының бірнеше медальдарының иегері. Талай жетістіктерге жеткен ақсақал қасиетті Ораза айына қатысты көпшілікке кеңес айтты.

"Ораза - парыз, намаз сияқты. Бірақ Алла Тағала адамның қолынан келмейтін дүниені мойнына іліп бермейді. Егер де, денсаулығың жоқ болса, әлсіз болсаң, Ораза ұста деп айтпайды...

Алла Тағала бізден денсаулықты сұрайды. Егер де ауырып қалсаң, үш күнге ма, бес күнге ма, оны кейін ораза біткеннен соң қайтадан орнына келтіріп аласың. ... Мұсылман деген Алланың істе дегенін істеп, істеме дегенінен тыйылатын, өзінің дін бауырына, дін қарындасына ісімен де, тілімен де зиян келтірмейтін адам", - деп ойын түйді ол.

Материал ҚР заңнамасымен қорғалған. Редакцияның жазбаша рұқсатынсыз материалдың кез келген бөлігін көшіріп-басуға болмайды!

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736559-mesitte-trtip-bzgan-slfti-jyktatyp-tastagan-karatesi-imam-turaly-ne-bilemiz/

pixel