RU
Кіндігін ашқан танымал тележүргізушіні желі қолданушылары сөгіп тастады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Кіндігін ашқан танымал тележүргізушіні желі қолданушылары сөгіп тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық тележүргізуші, 31 арнаның басшысы Бағдат Қожахметтің әйелі Салтанат Қалиева кіндігін ашып, көпшіліктен сөз естіп қалды. Ол оқырмандарына 10 келі салмақ тастағанын көрсеткісі келген деп хабарлайды NUR.KZ.

Қалиева. Фото: Comode.kz

Қалиева. Фото: Comode.kz
Source: UGC

Салтанат Қалиеваны көпшілік көпбалалы ана ретінде, әже ретінде таниды. Оның Instagram парақшасына салған суреті қызу талқыға түсті.

Желі қолданушыларының бірі Қалиеваның ісінің бұрыс екенін айтып, теріс пікірлер білдірсе, екіншілері 40-тан асқан ананың сымбатына қызығып қалды.

"Жас емессіз. Әже атанып үлгердіңіз. Қыздарға не үлгі көрсетіп жатырсыз?", "Қазақ қыздары ешқашан кіндігін ашпаған. 5 жасар балаға ұқсап", "Бұл қылығыңыз ерсі көрінеді екен", "Арықтағаныңызды кіндігіңізді ашпасаңыз да көрсете аласыз ғой", "Сізді көпбалалы ана ретінде танимын" деді оқырмандар.

Ал енді біреулері "Керемет", "Сымбатыңызда мін жоқ", "Қалай 10 келі салмақтан арылдыңыз", "Құпияңызбен бөлісіңізші" деп қызығушылық танытты.

Сіздің реакцияңыз
21
1
1
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel