RU
Күйеуі қарызға батырған келіншек өз-өзіне қол жұмсамақ болды
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуі қарызға батырған келіншек өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Рассказать Вконтакте

Алматылық келіншек жұбайының кесірінен қарызға белшесінен батып отыр. Қарызынан құтылудың жолын іздеген ол желіде көмек сұрады деп хабарлайды NUR.KZ ақпараттық порталы.

Алматылық келіншек қазір күйеуімен бөлек тұрады. Айтуынша, жұбайы оның атынан пайызбен қарыз алған, бүгінде сол берешек адамдар келіншекке қысым көрсету үстінде.

Көрнекі фото: Днепр Час

Көрнекі фото: Днепр Час
Source: UGC

«Күн сайын өзіме де, туысқандарыма да хабарласып жатыр. Біраз уақыт бұрын танысым арқылы несие алып едім, оны да төлей алмай жатырмын. Барлық қарыздарым жан-жағымнан қысым көрсетіп жатыр», - деп жазды ол.

Қарыз берушілер келіншекке хабарласып қорқытқан. Амалы таусылған алматылық әйел өз-өзіне қол жұмсауға дайын екенін де жазған.

«Маған көмектесетін, тірегім болатын адам жоқ. Барлық таныстарымнан қарыз сұрап-сұрап жеккөрінішті болдым. Енді өліп, осының бәрінен құтылмасам басқа амалым жоқ», - деді.

Келіншектің барлық қарызы - 500 мың теңге. Шарасыз бойжеткен желіде оқырмандардан көмек сұрады.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel