RU
Ильин: Кімде-кімнің сенімінен шықпасам кешірім сұраймын
Жаңалықтар Спорт

Ильин: Кімде-кімнің сенімінен шықпасам кешірім сұраймын

Рассказать Вконтакте

Ауыр атлетикадан əлемнің бірнеше дүркін чемпионы Илья Ильин "халықтың сенімінен шықпай жатсам кешірім сұраймын" деп ағынан жарылды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Илья Ильин. Фото: forbes.kz

Илья Ильин. Фото: forbes.kz

Көпшіліктен кешірім сұраған спортшы алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.

"Кімде кімнің сенімін ақтамасам, кешірім сұраймын. Кей кездері адам қанша тырысса да құлқыны жетпейтін жайттар болады. Менің басымнан өткен дəл осындай жағдай шығар", - деген спортшы өзінің спорттық жағдайына баға беріп те үлгерді.

"Сол бұрынғыдай 100 кг шамасында өнер көрсетпекпін. Егер 103 кг салмақа жетіп қалсақ тіптен күшті болатын еді. Əзірге белгісіз, халықаралық ауыр атлетика федерациясы біз бақ сынайтын межені бекіткен жоқ.

Бірақ сол шамасы 100 кг салмақта өнер көрсетуіміз керек. Соңғы нəтижелеріме келер болсам, өткен жұма күні ғана 172 келілік зілтемірді жұлқа көтеру əдісімен жəне 212 келілік зілтемірді "толчокпен" көтердім.

Жаман нəтиже емес, бапкерлердің көңілінен шықтым. Жалпы менің спорттық жағдайыма 90 пайыз жақсы деген баға бере аламын ", - деді зілтемірші.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel