RU
Күйеуінің өзге әйелмен кездесіп жүргенін біліп қойған келіншек елден көмек сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуінің өзге әйелмен кездесіп жүргенін біліп қойған келіншек елден көмек сұрады

Рассказать Вконтакте

Алматылық келіншек жұбайының өзге қызбен кездесіп жүргенін кездейсоқ біліп қойған. Жұбайы төрт жыл бойы жүріс жасаған ол, желіде оқырмандардан көмек сұрады, деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Pandaland.kz

Фото: Pandaland.kz

22 жастағы алматы тұрғыны бүгінде екі баланың анасы. Айтуынша жұбайымен үйленбес бұрын бір жарым жыл кездескен.

«Үйленгеннен кейін маған жақсы қарады. Барлық еркеліктерімді көтерді, өтініштерімді орындады. Тіпті машина да алып берді. Кейде құрбыларыммен қыдырып қайтамын, сондай кезде балаларға қарап үйде отырады. Менің туысқандарыммен жақсы қарым-қатынас жасайды», - деп жазды.

Қазір үшінші баласына аяғы ауыр келіншек жұбайының телефонын тексермек болған сәтте, күйеуі жол бермеген. Телефонды қолынан жұлып алып, енді бұлай жасамуын ескерткен.

«Осыдан кейін күдігім одан сайын көбейе түсті. Менің жарым өте тиянақты адам. Менің ойымша көзіме шөп салса да, дәл солай білдірмей жасайды», - деді.

Айтуынша бірде күйеуі жұмысқа шығардын алдында ұялы телефонын үйде жоғалтып алған. Ақыры таппаған соң жұмысқа кеткен. Кейін ұялы телефонды тауып алған келіншек оны тексерген.

«Үйден тауып алып, тексеріп көріп едім, өз көзіме өзім сене алмай отырмын. Жұбайымның төрт жыл бойы кездесіп жүрген қызы бар екен. Байқағанымдай олар нағыз жұп секілді. Күйеуім оны қадағалайды, сағынады, тіпті ақшалай көмек беріп тұрады екен», - деген.

Шарасыз қалған келіншек екі баласымен және ішіндегі сәбиімен ажырасуға қорқатынын айтып оқырмандардан көмек сұрады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
4
13
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel