Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова "Қазақ өнерінің қайраткері" атағымен марапатталды (видео)

Опубликовано:

Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова "Қазақ өнерінің қайраткері" атағымен марапатталды. Бұл қуанышты жаңалығымен әншінің өзі бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова. Фото: kazmusic.kz
Мақпал Жүнісова. Фото: kazmusic.kz: UGC

Бұл жайында Жүнісова Instagram парақшасында жариялады.

"Құрметті менің достарым, мақтап жатқандарыңызға рахмет. Еліміздің мәдениет және өнер саласына сіңірген еңбегі үшін "Қазақ өнерінің қайраткері" атағымен марапатталдым. Баршаңызға басымды иемін. Алла сіздерге жұғысты қылсын. Бүгін тек қана өнер адамдары марапатталмады. Көптеген сала иелері келді. Марапатталдық, ән орындадық", - деді әнші.

Ал оқырмандар әншінің кезекті марапатымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

"Нағыз еңбектің адамысыз", "Адал еңбекпен келген атақ қой. Құтты болсын", "Бұл атақты сіз алмағанда кім алады?", "Шын жүректен құттықтаймыз, Мақпал ханым", "Сіз бұл марапатқа лайықсыз" деді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1736579-makpal-znisova-kazak-nerini-kajratkeri-atagymen-marapattaldy-video/

pixel