Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құдайдың барына сенбейтін әлемге әйгілі тұлғалардың өлер алдындағы сөздері қандай болды?

Опубликовано:

Ғалымдар тобы өлім алдында әлемге мәшһүр атеисттердің соңғы сөздері, іс әрекеттері қандай болғанын анықтау мақсатында зерттеу жүргізген болатын. Онда әйгілі "Титаник" кемесіне де қатысты деректер бар деп хабарлайды reactor.inform.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Егер сізге әлемге әйгілі адамдардың өздерінің ақтық демі таусылар сәтте айтқан сөздері мен іс-әрекеттері қызық болса, онда назарларыңызға ғалымдардың дерегін ұсынамыз.

Фридрих Ницше. Фото: Википедия
Фридрих Ницше. Фото: Википедия: UGC

Неміс ойшылы, сазгер, ақын Фридрих Ницше есінен ауған күйінде темір торда иттерше үріп қайтыс болды.

Вольтер. Фото: Википедия
Вольтер. Фото: Википедия: UGC

Вольтер - француз философы, ағартушысы. Оның соңғы сәттері тіпті қорқынышты. Түні бойы кешірім сұраумен азаптанды. Оның жеке медбикесі: «Еуропаның барлық ақшасын берсе де, мұндай өлімді қайта көрмес ем… имансыздың өлімін» деген екен.

Дэвид Юм. Фото: Википедия
Дэвид Юм. Фото: Википедия: UGC

Дэвид Юм - шотландық философ, тарихшы. Өлім алдында бір сөзді қайталаумен болды: «Мен алаулаған от ішіндемін!» Оның зары өте қорқынышты болатын.

Напалеон. Фото: Википедия
Напалеон. Фото: Википедия: UGC

Напалеон — француздар императоры, қоғам қайраткері. «Император толық жалғыздықта жанын тапсырды. Өліммен айқасы тіпті үрейлі көрінді», - деп жазды оның жеке дәрігері.

Вольфганг Гете. Фото: Википедия
Вольфганг Гете. Фото: Википедия: UGC

Вольфганг Гете - неміс ақыны, ойшылы. Ол өзінің өлерінің алдында бар дауысымен «Жарық жетіспеуде!» деп айқайға салған болатын.

Ленин. Фото: Википедия
Ленин. Фото: Википедия: UGC

Ленин - кеңес заманының саяси ірі тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері. Ол толық ессіздікте қаза тапты. Миллиондаған адамдар үшін көсем болған ол, соңғы секундтарда үстелдер мен орындықтардан тізерлеп отырып кешірім сұраған.

Уинстон Черчилль. Фото: Википедия
Уинстон Черчилль. Фото: Википедия: UGC

Уинстон Черчилль - ағылшын қоғам қайраткері, Англияның премьер-министрі. Ол өзінің өлерінің алдында «Неткен ақымақ едім!» деп айтқан болатын.

Емельян Ярославский. Фото: Википедия
Емельян Ярославский. Фото: Википедия: UGC

Емельян Ярославский - атеистік халықаралық ұйымының президенті, ресейлік танымал саясаткер. Ол өзінің өмір бойы айналысқан кәсібіне қарамастан өлерінің алдында таңқаларлық сөз айтты: «Өтінемін, менің бүкіл кітаптарымды өртеңіздер! Мен қателестім».

Танкреду Невес. Фото: Википедия
Танкреду Невес. Фото: Википедия: UGC

Танкреду Невес - Бразилия саятсаткері. Ол сайлауалды бағдарламасында «Егер мен 500 000 дауыс жинасам, Құдайдың өзі тақтан мені тайдырмас» деген. Әрине, ол бұл дауысты жинады, бірақ президенттікті қабылдауға бір күн қалғанда жасынан ерте озды.

Танкреду Невес. Фото: Википедия
Танкреду Невес. Фото: Википедия: UGC

Титаниктің инженері Джозеф Белл репортерлердің қауіпсіздік жайлы сұрағына «Тіпті Құдай оны батыра алмас» деп жауап берген. Бірақ алып кеме, барлығымыз білетіндей, батып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1736581-kdajdy-baryna-senbejtin-lemge-jgili-tlgalardy-ler-aldyndagy-szderi-kandaj-boldy/

pixel