Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында көзі тірілерге алдын ала көр қазып қою "хит" болуда

Опубликовано:

Алматы облысы Жаркент қаласының зираттарында тірілерге арналған бейіттер жетерлік. Көзі тірісінде көрін қазып, мәңгілік мекенін дайындайтындатып қоятындар туралы Еуразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Видеодан скриншот
Видеодан скриншот: UGC

Жергілікті жұрттың айтуынша, бұл дәстүр біраз жылдан бері жалғасып келеді. Оған әкімдіктегілер ашық рұқсат беріп қойыпты. Жер қатты болғандықтан, мәйітте дереу әкеліп жерлеу үшін осылай жасаған дұрыс дейді олар.

Алайда тұрғындар мұндай салттың дін-жоралғымызда жоқ екенін айтып, қазылған жер жамандық шақырады деп ырымдайды.

Жаркентте тапсырыспен алдын-ала қабір қаздыру үшін 18 мың теңге және 70-80 дана кірпіш апарып беру керек. Бірақ көр қазушылар бейітті аяғына дейін бітірмей, суық хабардың келуін күтеді екен. Оған жататын мәйіт табылғанда бір-ақ бітеміз деп отыр.

Жаркент әкімі орынбасарының айтуынша, біраз жыл бұрын барлық қоғам өкілдері ақылдаса келе осындай шешімге келген. Себебі, жер керіш болғандықтан, қазу барысында үлкен қиындық туғызатын көрінеді. Осының алдын алып, 5-10 қабірді алдын ала дайындап қоятын болған.

Дін өкілдерінің мұндай мәселеге қатысты өз айтары бар. Шариғат заңы бойынша арнайы біреуге жер белгілеп, алдын-ала қазуға рұқсат жоқ екен. Ал жер қатты болса әрі мәйітті тездетіп жер қойнына тапсыру үшін алдын-ала қабір қазуға тыйым салынбаған..

"Жердің қаттылығы үшін алдын-ала қазып қою – біздің шариғатымызға ешқандай қайшы емес нәрсе. Ал егер де жері жұмсақ, қолайлы болып жатса адам қайтыс болғаннан кейін қазу -жақсы нәрсе. Ал бұл жерде алдын-ала қабір қазылды екен деп, жаман ырым деу – дінге ешқандай сәйкес емес", – дейді Талдықорған орталық "Иман" мешітінің ұстазы Шынарбек Өкен.

Жаркент қаласында есеп бойынша жылына 300-ге жуық тұрғын өмірден озады екен. Қала шетіндегі қабірлерде бос орын қалмай барады. Мұны ескеріп отырған жергілікті билік енді үлкен бейітке арналған жер іздестіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736593-almaty-oblysynda-kzi-tirilerge-aldyn-ala-kr-kazyp-kou-hit-boluda/

pixel