RU
Жас сұлуды кездестірген Тәуекел Мүсілім продюсерімен жұмысын тоқтатты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жас сұлуды кездестірген Тәуекел Мүсілім продюсерімен жұмысын тоқтатты

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана өзінен 11 жас кіші сүйіктісін кездестіргенін айтып, шоу-бизнес әлемін дүр сілкіндірген Тәуекел Мүсілім тағы бір жаңалығымен бөлісті деп хабарлайды "comode.kz" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім. Фото-коллаж: NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім. Фото-коллаж: NUR.KZ.

Актер өзінің сүйгенін жолықтырғалы продюсері Жанна Әбуовамен жұмысын тоқтатқан.

"Жанна ханыммен жұмыс тоқтатылды. Ұсыныс менің тарапымнан болды. "Отызда орда бұзбаса, қырықта қамал алмайды" деген ер азаматқа қатысты керемет даналық сөз бар. Қазір бұрынғыдай жас емеспін. Және маған деген сұраныс мәңгілік болмасы анық. Сондықтан, темірді қызып тұрғанда соғып қалуды мақсат еттім. Енді продюсермен бірге емес, өзім үшін жұмыс жасауды жөн санадым. Бұрын менің түсірілімнен тапқан табысымды екіге бөлетін болсақ, қазір 100% өзім аламын. Осылайша ертеңім үшін ерте қамдану дұрыс деп шештім.

"Сіз сұрап отырған жеке өміріме продюсердің ешқандай қатысы да, қарсылығы да жоқ. Оның үстіне бұған дейін өзара келісім-шарт арқылы жұмыс жасамадық. Тек әпкелі-інілі қазақы келісім болды. Үйлену-үйленбеу туралы қатаң тәртіп болған емес. Жәкеңмен жұмыс тоқтатудың басты себебі - менің еркіндікті қалап, өзіме қызмет етуге бекінуім", - деп Тәуекел шынын айтты.

Айта кетейік, желіде таралып кеткен Тәуекелдің сүйіктісі қызу талқыға түскен болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
3
2
0
28
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel