Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрт сатып отырған әжеге қалтасындағы бар ақшасын берген жігіт елді сүйсінтті

Опубликовано:

Қасиетті Рамазан айында күллі мұсылман жамағаты көбірек садақа беріп, қайырлы іс тындыруға талпынуда. Сауапты ісін жария түрде жасаған жігіт құрт сатып отырған әжейге қалтасындағы бар ақшасын беріп кетті. Бұл туралы Sn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Желіде тараған видеожазбада ер адам үш дана құртты 200 теңгеге сатып отырған әжейдің жанына келіп, қолына 4400 теңге ұстатты. Қарт ақшаны не үшін беріп жатқанын сұрап, әлгі азаматқа таңырқай қараған.

Жігіт болса еш саспастан, Рамазан айында қайырымдылық жасағысы келгенін айтады.

Қайырымды жанның мәрттігіне разы болған әжей "өзіңе қалмады ма?" деп, жігіттің жағдайына алаңдап қояды. Сөз соңында қарт ақшаны зейнетақы алған соң қайтарып беретінін айтып, оған алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736611-krt-satyp-otyrgan-zege-kaltasyndagy-bar-aksasyn-bergen-zigit-eldi-sjsintti/

pixel