RU
Кәрі қыздар күйеуге шығу үшін қандай әулиеге барады?
Жаңалықтар Қоғам

Кәрі қыздар күйеуге шығу үшін қандай әулиеге барады?

Рассказать Вконтакте

Бүгінде жасы отызға келсе де тұрмыс құрмай, оң босағада отырған қыздар көп. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда отыз пайызға жуық бұрымды өмірлік сыңарын таппаған. Олар күйеуге шығу үшін "Қыз әулиедегі" шырақшыны жағалайтын болған. Бұл туралы Еуразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: mirpozitiva.ru

Көрнекі фото: mirpozitiva.ru

Бүгінде жасы ұлғайса да жарын таппаған бойжеткендер күйеуге шығу үшін түрлі әрекеттер жасайды. Бірі жүріс-тұрысын, киім-киісін өзгертсе, кей бірі бақсы-балгерлерді жағалап үміт етеді.

Мәселен Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Қыз әулиеге" баратын бойжеткендер саны өте көп. Онда отыратын шырақшы әжей келушілерге әулие басына үш рет келіп зиярат ету керексің дейді. Сондай-ақ аруға тағам әзірлетіп, қалыңдық көйлегін киегізеді екен.

Қыздардың "жолын ашатын" қария Ұлтуар Мешбаеваның айтуынша, қазір қыздар мансап қуамын деп, отбасылық өмірді шетке ысырады. Соның салдарынан уақыттың қалай зулап өткенін байқамай қалады.

"Қыздар біраз жасқа жеткенше махаббат сезімін күтеді. Қазір махаббат деген жоқ. Қыз баласы ер адамнан төмен тұру керек. Олар 3-4 диплом алып, көбінесе жігіттерден асып кетіп жатады», - дейді шырақшы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
3
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір